Авиациялық компанияларды қаржыландырудың тиімділігі және олардың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.05
        247 196

Аннотация

Мақалада авиациялық компаниялардың инвестициялық қызметін қаржыландыру көздерін таңдау және тұжырымдамасы қарастырылады. Авиациялық компанияларды қаржыландыру құралдарын, сондай-ақ капиталдың оңтайлы құрылымын таңдау авиакомпанияның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған тиімді іс-шараларды жүргізудің маңызды және қажетті кезеңі болып табылады. Әсіресе қаржыландыру көздерін таңдау мәселесі пандемия COVID-19 таралуы жағдайында өзекті болып отыр. Мақаланың мақсаты – авиакомпаниялар мысалында инвестициялық тартымдылықты модельдеуді зерттеу. Авиакомпаниялардағы инвестициялық тартымдылықты зерттеу негізінде инвестициялық жобаларды бағалау саласында ұсыныстар тұжырымдалды. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы – авиация технологияны, инновацияны, кәсіпкерлікті, экономиканы дамытуды, инфрақұрылымды қолдауды, демографиялық өсуді, жаһандануға қосқан үлесін біріктіретін әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Бұл сектордағы ілгерілеу өзінің жылдамдығымен және табиғатындағы әртүрлілігімен таң қалдырады. Қазақстандық компанияның инвестициялық қызметін талдау негізінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың ескірген әдістері қолданылып жатқаны анықталды және осы мақсатта тәуекелдердің сандық талдауын және авиакомпанияның инвестициялық жобаларының залалсыздығын бағалауды қолдану ұсынылды. . Зерттеу пәніне сәйкес ғылыми таным, индукция, дедукция, салыстыру, статистика, салыстырмалылық, қаржылық талдау, математикалық модельдеу, талдау және болжау әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: авиациялық компания, инвестициялар, қаржыландыру, инвестициялық компания, қаржыландыру көздері.

Жүктелулер

Как цитировать

Sadvakassova, K. G., Jamshidi, D., Nurmagambetova, A. Z., & Kassenova, G. E. (2022). Авиациялық компанияларды қаржыландырудың тиімділігі және олардың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 57–68. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.05