Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы: қазіргі жағдайы және даму перспективалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.06Аннотация
Мақаланың мақсаты – Орталық Азия елдерінің аграрлық секторының ағымдағы жағдайы
мен даму перспективаларын талдау. Мақалада көптеген көрсеткіштердің төмендеу үрдісіне
қарамастан, сектор өндіріс, жұмыспен қамту және сауда тұрғысынан маңызды рөл атқаратындығы
көрсетілген. Зерттеуде пандемия кезеңіне баса назар аудара отырып, аймақтың сауда
көрсеткіштері қарастырылған. Орталық Азия елдері ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортына
тәуелді екені анықталды. Алайда, Орталық Азия елдері бидай мен мақта өндірісі тұрғысынан
әлемдік ауылшаруашылық нарығында маңызды рөл атқарады. Жұмыста азық-түлік бағасының
өсуін, климаттың өзгеруін, институттардың сапасы мен өнімділігін қоса алғанда, өңірлік ауыл
шаруашылығы үшін негізгі кемшіліктер мен сын-қатерлер айқындалған. Мақалада аймақтық
саясаткерлерге арналған ұсыныстар келтірілген, оның ішінде сауда соғыстарының, экспортқа
тыйым салулардың және басқа да шектеулердің, сондай-ақ ауылшаруашылық саудасын ырықтандыру.
Өңірлік ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан саясаткерлер
климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясына назар аударуы, инвестицияларды
ынталандыруы
және институттардың сапасын жақсартуы керек. Бұл саясат Орталық Азия
үкіметтерінің, бизнесі мен университеттерінің жеке де, өңірлік те күш-жігерін талап етеді.
Мақаланың тұжырымдары мен ұсыныстары Орталық Азияның саясаткерлері мен ғалымдары
үшін пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: Орталық Азия, ауыл шаруашылығы, сауда, Қазақстан.