Сыртқы қарыз және экономикалық өсу байланысы: БРИК елдері үшін панелдік деректерді талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v141.i3.01Аннотация
БРИК елдері әлемнің жалпы ЖІӨ-нің төрттен бірін құрайтын төрт ірі дамушы елдердің
экономикасы болып табылады. БРИК елдерінің сыртқы қарыз қоры (3938 млрд. АҚШ доллары)
дамушы елдердің жалпы сыртқы қарыз қорының 46,22%-ын (8520 млрд. АҚШ доллары)
құрайды. Елдің экономикалық дамуындағы сыртқы қарыздың рөлі макроэкономикадағы
зерттеушілер мен саясаткерлер арасында ең көп талқыланатын және қызықты тақырыптардың
бірі болып табылады. Сондықтан да, мақаладағы зерттеулерде БРИК елдеріндегі сыртқы қарыз
алу мен экономикалық өсу арасындағы байланыс қарастырылды. Зерттеуде пайдаланылған
деректер жинағы 1990-2021 жылдарға тиесілі және панельдік коинтеграция әдісі қолданылды.
Вестерлунд (2007) коинтеграциялық панельдік тестілеу нәтижесінде BRIC елдеріндегі сыртқы
қарыз алу мен экономикалық өсу айнымалылары арасында ұзақ мерзімді байланыс анықталды.
Ұзақ мерзімді коинтеграция векторы панельдік FMOLS бағалаушысы арқылы бағаланды. Біздің
нәтижелеріміз бойынша, BРИК елдеріндегі сыртқы қарыз бен экономикалық өсу арасындағы
ұзақ мерзімді регрессия коэффициенті -0,1108. Бұл елдердегі сыртқы қарыз қоры 1%-ға өссе,
экономикалық өсу 0,11%-ға төмендейді деген сөз. Елдер бойынша бағалағанда, сыртқы қарыз
бен экономикалық өсу арасындағы байланыс Қытай үшін оң болса, Бразилия, Ресей және
Үндістан үшін теріс.
Түйін сөздер: БРИК, сыртқы қарыз, экономикалық өсу, панельдік деректерді талдау.