Цифрлық экономиканың бухгалтерлік есепке әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.09
        228 484

Аннотация

Цифрлық революция және экономиканың материалсыздандырылуы қазірдің өзінде
орын алып отыр, бірақ бұл бухгалтерлік есепке қандай әсер етеді? Жаңа объектілер мен
құралдарды танудың шетелдік тәжірибесі сандық экономиканың жай-күйі талданады. Цифрлық
экономиканың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметіне қолайлы және қолайсыз
әсері ашылуда. Атап айтқанда, таратылған тізілім технологиясы (lock-up), крипто-валюта,
роботизация, интернет заттар, нарықта бизнесті жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту және осы
құралдарды пайдаланудың бірыңғай ережелерінің болмауы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға
қауіп төндіреді. Осыған байланысты, мақалада «Цифрлық экономика» ұғымдары, бухгалтерлік
есептің маңыздылығы және оның цифрлық экономикадағы рөлі; бухгалтерлік есептің теориялық
және әдіснамалық ережелерін одан әрі дамыту қажеттілігі туралы, бухгалтерлік есепке қатысты
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде табысты іске асырылған мемлекеттік жобалар;
және бухгалтерлік қызметтің экономиканы цифрландыруда трансформациясы қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі бүгінгі күні бухгалтерлік есепте цифрландырусыз оның одан әрі
дамуын көре алмайтындығымен байланысты. Бүкіл әлемдегі қалыптасқан жағдай, нақты
пандемия қоғамға тек экономикада ғана емес, барлық салаларда да цифрландыру маңызының
өткірлігі туралы көрсетеді.
Зерттеу әдістемесі. Мақалада құрылымдық, салыстырмалы, сондай-ақ экономикалық-
статистикалық талдау әдістері қолданылды. Теориялық және практикалық материалдар
зерделенді.
Сонымен қатар мақалада сандық экономика және ақпараттық қоғам жағдайында бухгалтерлік
есепті жаңғыртудың негізгі бағыттары қарастырылады. Сандық сауаттылық адамның күнделікті
және кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі және
бухгалтер функциясындағы өзгерістер, есептік операцияларға жасанды интеллект қосу, роботтар
немесе деректерді өңдейтін бағдарламалар.
Түйін сөздер: цифрлық экономика, цифрландыру, бухгалтерлік есеп, блокчейн, криптовалюта,
цифрлық сауаттылық, жасанды интеллект, робот-бухгалтер.

Жүктелулер

Как цитировать

Kupеnova Z., Baimukhanova, S., & Nurmagambetova, A. (2021). Цифрлық экономиканың бухгалтерлік есепке әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 137(3), 92–100. https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.09