Қазақстанда креативті секторды дамыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.07Аннотация
Ерекше өзгерістер мен жаһанданудың қазіргі дәуірінде көпшілік креативті индустриялар жаңа
экономиканы қозғаушы күш ретінде мойындайды. Экономиканың креативті секторының салалары
әлеуметтік және экономикалық даму үшін маңызды болып саналады және әлемдік қоғамдастықтың қызығушылығын арттыруда. Креативті индустриялардың экономикалық құндылығын түсіну
және зерттеу кеңейе түсті. Олардың ЖІӨ-нің өсуіне және жұмыспен қамтылуға әсер ететіні
және елдің сыртқы сауда позициясы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартатыны, сондай-ақ
креативті қалалар брендін жандандыруға және ілгерілетуге өз үлесін қосып, инвестициялар
тарта алатыны түсінікті болды. Көптеген авторлар шығармашылық индустриялар экономикалық
өсу мен дамудың жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы экономика мен қоғамның
дамуына айтарлықтай әсер ететінін және болашақта қарқынды даму күтілетін экономиканың
бірден-бір салаларының бірі екенін мойындайды. Бұл шолуда посткеңестік кеңістіктегі елдердің
бірі – Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуын зерттеу нәтижелері келтірілген.
Сұхбаттарды талдауды қамтитын зерттеу әдістемесі экономиканың креативті секторын дамыту
үшін бірқатар кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу дамушы елдердегі креативті
сектор өкілдерінің өз кәсіпорындарын қалай дамытатынын түсінуге көмектеседі.
Түйін сөздер: креативті индустриялар, креативті экономика, кедергілер, Қазақстан.