Мемлекеттік сектордағы стратегиялық жоспарлау мақсаттарына қол жеткізуді талдау және бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.12Аннотация
Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі талданады. Орталық мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық құжаттарында мақсаттар мен нысаналы
көрсеткіштерге қол жеткізуге талдау және бағалау жүргізіледі. Талдау халықаралық ұйымдардың
зерттеулеріне, мемлекеттік органдардың аумақтарды дамытудың стратегиялық жоспарлары мен
бағдарламалары туралы есептеріне, Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің зерттеулер, тал-
дау және тиімділігін бағалау орталығының талдамалық есептеріне негізделген. Стратегиялық
құжаттар мен стандарттарды әзірлеу кезінде дамыған елдердің үкіметтері пайдаланатын
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) стандарттары мен үздік
тәжірибелері қаралды. Елдің мемлекеттік органдарының стратегиялық құжаттарды әзірлеуінің
негізгі проблемалық бағыттары белгіленді. Мақалада стратегиялық жоспарлау құжаттарының
сапасы көбінесе болжау-талдау жұмысының сапасына және мемлекеттік органдарға қол
жетімді әдіснамалық құралдарға байланысты деген қорытынды жасалады. Авторлар сонымен
бірге стратегиялық құжаттар қоғамның қазіргі мәселелерін шешуге бағытталуы керек, олар
мақсаттарды бөлу принципін нақты ұстануы керек және оларды әзірлеу кезінде қоғамға қол
жетімді ең жақсы және тиімді шешімдерді таңдауды қамтамасыз ету үшін осы құжаттарға
бағытталған мәселелердің балама шешімдерін ескеру қажет деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: стратегиялық жоспарлау, стратегиялық мақсаттар, нысаналы көрсеткіштер,
талдау, бағалау, мемлекеттік органдар.