Шетелдік тікелей инвестициялардың Орталық Азия елдеріндегі экспортқа әсері

Авторлар

  • A. Syzdykova Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-1377-0026
  • K. Massadikov Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-0877-8859

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.06
        128 115

Аннотация

Экономикалық әдебиеттерде шетелдік тікелей инвестициялардың елдер үшін көптеген
ықтимал әсерлері бар деп қабылданады. Елге келетін шетелдік инвестициялар өндірістік және
басқарушылық ақпараттарды, жаңа технологияларды әкеледі, ұлттық өнеркәсіпте бәсекелестік
пен өнімділікті жоғарылатады, арзан және сапалы өнім көлемін арттырып, тауарлар мен қызметтер
саудасын жеңілдетеді. Бұл экспорт көрсеткіштеріне жағымды әсер етеді, экономикалық өсуді
жеделдетеді және жұмыспен қамтуға оң ықпал етеді. Осы себепті елдер тікелей шетелдік
инвестициялардан пайда табу үшін инвестициялық климатты жақсарту арқылы шетелдерден
инвестицияларды тартуға тырысады. Осы тұрғыда Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғызстан,
Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан) тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдік капиталды тарту
үшін түрлі реформалар мен ынталандыру саясатын жүргізе бастады. Зерттеудің негізгі мақсаты
– тікелей шетелдік инвестициялардың халықаралық саудаға әсеріне сүйене отырып, Орталық
Азия елдеріне бағытталған шетелдік тікелей инвестициялардың экспортқа әсерін зерттеу болып
табылады. Осы мақсатта панельдік деректерді талдау әдісімен Орталық Азия елдерінің 2000-
2019 жылдар аралығындағы тоқсандық мәліметтерін қолдана отырып сыналды. Зерттеу Орталық
Азия елдеріне қатысты экономикалық әдебиеттерге үлес қосады деп күтілуде.
Түйін сөздер: тікелей шетелдік инвестициялар, Орталық Азия елдері, экспорт, деректерді
панельдік талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Syzdykova, A., & Massadikov, K. (2022). Шетелдік тікелей инвестициялардың Орталық Азия елдеріндегі экспортқа әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 139(1), 63–72. https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.06