Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың іскерлік альянсы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.03
        100 133

Аннотация

Әлеуметтік деп танылған сфералардың қайта жаңғыртудан өтуі осы секторларға жеке
капиталдың кірігуімен жүргізілуді меңзейді және бұл бүкіләлемдік үрдіске айналып отыр.
Мемлекеттік жеке-меншік серіктестік (МЖС) денсаулық сақтау саласына емдеудің инновациялық
тәжірибелерін енгізу, емханаларды техникалық жабдықтау, медициналық қызмет көрсетудің
сапасын жақсарту, білім берудегі зертханалық орталықтарды техникалық, әдістемелік
жаңғырту сияқты мүмкіндіктердің кең спекторын ашады. Аталмыш мәселенің ел экономикасы
үшін маңыздылығы зерттеу бағытының өзектілігін айшықтайды. Мемлекеттік жеке-меншік
серіктестік тетіктері арқылы ел инфрақұрылымының әлеуметтік бағытының дамуын жеделдету
жолдарын ұсыну мақаланың басты мақсаты болып отыр. Тәжірибе жүзінде жалпы МЖС
механизмдерін қолдануды айшықтау цифрлық Қазақстан қоғамын құрудағы маңызды құралға
айналып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш мәселелер мемлекет пен жеке
сектор арасындағы серіктестік құру мен олар бойынша мықты тәжірибелерді қолданудың
қажеттіліктерінің өзектілігін арттырып отыр. Теориялық тұрғыдан бұл мақала мемлекет пен
жеке сектор арасындағы өзара серіктестік орнатудың әдістемесін даярлаудың негізі бола алады.
Зерттеу барысында статистикалық талдау, жиынтық (интегралды) әлеует әдісі, шолу-талдау
әдістері қолданылған.
Мемлекеттік жеке-меншік серіктестіктің заманауи маңыздылығы бойынша әзірленген
әдістемесі жеке сектордың мүмкіндіктерін ел экономикасының өзекті мәселелерін шешуде
ұтымды пайдалануды айқындауға, қоғамдық игіліктерді халықтық пайдалану режимдерін
мемлекеттік тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіруге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, экономиканы
әртараптандыру мәселелерін оңтайлы шешуде екі жақтық ұтымдылық пен тиімділік үлгісін
құруды арттыруға мүмкіндіктер береді.
Түйін сөздер: мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, әлеуметтік жобалар, мемлекет пен
бизнес әріптестігі, тәуекелдерді бөлу.

Жүктелулер

Как цитировать

Khassenova, K., Shamisheva, N., & Mukhiyayeva, D. (2022). Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың іскерлік альянсы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 139(1), 27–38. https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.03