Биоэкономика «жасыл» экономиканың құрамдас бөлігі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.12Аннотация
Экономиканың дәстүрлі сызықтық үлгісінің объективті дәрменсіздігі экономикалық
дамудың, экологиялық әл-ауқат пен адамдардың, сонымен қатар болашақ ұрпақтың өмір сүру
сапасы бірдей маңызды болған кезде саналы тұтынудың қазіргі талаптарына жауап беретін
жаңа экономикалық үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында пайда
болған тұрақты даму идеясы жаңа экономикалық тұжырымдамалардың, соның ішінде «жасыл»
экономика мен биоэкономиканың пайда болуы мен дамуына негіз болды.
Зерттеудің мақсаты «жасыл» экономика мен биоэкономикаға қатысты жинақталған білімді
жүйелеу, сонымен қатар олардың өзара байланысының сипатын анықтау болып табылады.
Мақалада биоэкономиканың қалыптасу кезеңдері тұжырымдама ретінде талданады, әр уақыт
аралығының институционалдық мәнмәтіні туралы жалпы түсінік беріледі, биоэкономика
тұжырымдамасын танымал ету үшін аргументтердің трансформациялануына ерекше назар
аударылады, «жасыл» экономикаға не жатады және не жатпайтынын нақты түсіну үшін
өлшемшарттар ұсынылады.
Зерттеуді жүргізу барысында тұрақты даму тұжырымдамасының ішкі құрылымы мен даму
заңдылықтары зерттелді. Биоэкономика тұжырымдамасының эволюциясын салыстырмалы-
тарихи талдау, сонымен қатар «жасыл» экономиканың дамуына арналған нормативтік-құқықтық
актілерді зерделеу оның танымал болуына қатысты себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға
мүмкіндік берді.
«Жасыл» экономиканың тұрақты өсуі мен дамуына байланысты бастамаларды ратификациялауға
қатысты өңірлік көшбасшының хал-ахуалына қарамастан, Қазақстанда биоэкономикаға
аз көңіл бөлінеді. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуін реттейтін негізгі стратегиялық
құжат «жасыл» бастамалардан басқа биоэкономика мен тұйық цикл экономикасының элементтерін
қамтыды, бұл тұрақты дамуға қол жеткізуде отандық әлеуетті толық көлемде іске асыруға
мүмкіндік бермейді.
Түйін сөздер: «жасыл» экономика, биоэкономика, тұрақты даму.