Эндаумент қоры дүниежүзілік және Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қаржылық механизмінің құрамы
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v137.i3.01Аннотация
Жоғары білім беру ұйымдарының өз қызметтерінің нәтижелеріне тиімді әсер етуіне,
олардың стратегиялық дамуы мен әлемдік нарыққа өтуіне ықпал етуге мүмкіндік беретін тұрақты
қаржылық механизмді қалыптастыруы осы саладағы өзекті мәселе болып табылады. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді қаржыландырудың жетіспеуі өзекті мәселе, бұл
жоғары білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына, сондай-ақ ақпараттық тех-
нологияларды енгізу мен пайдалануға әсер етеді.
Мекемелерді қаржыландыруды әртараптандыру құралдарының бірі – эндаументтік қор қалыптастыру.
Эндаумент қорлары қайырымдылық ретінде беріледі және бейкоммерциялық мақсаттарға,
әдетте маңызды білім беру, ғылыми және қоғамдық бағдарламаларды қаржыландыруға
арналған.
Мақалада Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі бар эндаументтік қорларға
талдау жасалған. Сондай-ақ, эндаументтік қорларды қалыптастыру процесі және олардың
тиімділік көрсеткіштері қарастырылған. Сонымен қатар, мақалада эндаументтік қорлар операцияларының
әлемдік тәжірибесіне және олардың қазақстандық жағдайларға сәйкес енгізілуіне тал-
дау жасалған. Осы мақалада эндаументтік қорларды, салық жеңілдіктерін және әлеуетті және
болашақ донорлармен қарым-қатынас орнатудағы басқа да жеңілдіктерді заңнамалық реттеу
бойынша ұсыныстар берілген. Қазақстан Республикасының эндаументтік қорларының қызметін
талдау нәтижесінде олардың бірқатар тиімділік факторлары анықталды.
Түйін сөздер: эндаументтік қорлар, қаржылық механизм, жоғары білім беру мекемелерін
қаржыландыру, қаражат жинау, бюджеттеу.