Қазақстандағы АКТ-ға қолжетімділіктің аймақтық экономикалық өсімге әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.09
        94 86

Аннотация

Бұл мақалада ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технологияларға (АКТ) қолжетімділік-
тің Қазақстандағы аймақтық экономикалық өсімге ықпалы қарастырылады. Зерттеудің басты
мақсаты дамуы төмен, орташа және жоғары аймақтарды салыстыру болып табылады. Бұл ретте
барлық 16 аймақ үшін 2007-2018 жылдар аралығындағы мәліметтер жинақталды. Ұйымдардағы
интернетке қолжетімділік, компьютерлер саны және стационарлы телефондар саны АКТ ретінде,
ал аймақтардың дамуының негізгі көрсеткіші ретінде Қазақстан өңірлерінің жалпы аймақтық
өнімі (ЖАӨ) алынды. POLS (pooled ordinary least squared) – біріккен ең төменгі квадраттар әдісі
(панельді зерттеулер үшін), FE (fixed effects) – бекітілген әсер әдісі, RE (random effects) – кездейсоқ
әсер әдісі және IV (instrumental variables) – инструментальды айнымалылар әдісі жоғары сенімді
регрессиялық модель құрастыру үшін қолданылды. Аймақтардың инновациялық белсенділігі
ұйымдардағы компьютерлер саны үшін инструментальды айнымалы ретінде алынды. Мақалада
регрессиялық модельдің төмен, орташа және жоғары дамыған аймақтар үшін нәтижелері
көрсетіліп, оларға талдау жасалынды. Оған қоса, зерттеу жұмысында уақыт периоды 2007-2013
және 2014-2018 жылдарға бөлінгендегі нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан
аймақтарының топтары арасында елеулі айырмашылық байқалмады.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurbatsin, A., & Kireyeva, A. (2020). Қазақстандағы АКТ-ға қолжетімділіктің аймақтық экономикалық өсімге әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 134(4), 102–117. https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.09

Шығарылым

Бөлім

Өңірaрaлық экономикалық диффeрeнциaцияны реттеу