Мұнай секторының ұлттық экономиканың қаржылық қауіпсіздігіне әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.07
        88 53

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысында экономиканың шикізаттық бағытының мемлекеттің қаржылық
қауіпсіздігіне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада әсер ету аспектілері
қарастырылған. Қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі әлемдегі және ұлттық экономикалардағы
дағдарыстық құбылыстардың кең таралуы, ең алдымен әлемдік шикізат нарығындағы жағымсыз
баға шарттарының қалыптасу жағдайында күшейе түскен. Дағдарыс жағдайында мемлекеттегі
барлық проблемалар айқын көрінеді, ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды бағыты – қаржылық
жағынан қамтамасыз етудің кемшіліктері айқындалады. Мұндай кезеңдерде билік мемлекеттің,
ұйымдар мен азаматтардың қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуы керек, пайда
болатын қауіптерді жоюдың немесе олардың салдарын азайтудың тиімді құралдарын жасауы
керек. Шикізаттық тәуелділігі бар мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерінің өзгеру динамикасы мен табыстылық
деңгейі үкіметтің шикізаттық табыстарды қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмысының
қаншалықты тиімді жүргізілуінің негізгі көрсеткіші болып табылатындықтан, зерттеу жұмысында
Ұлттық қор қызметінің қазіргі таңдағы жағдайы егжей-тегжейлі зерттелген. Мақаланың
қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының қаржылық қауіпсіздігі мәселесін шешуге
ұлттық экономиканы әртараптандыру саясатын дәйекті жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге
болатындығы айқындалған.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhuparova, A., Mukusheva, A., Marat, A., & Sagi, G. (2020). Мұнай секторының ұлттық экономиканың қаржылық қауіпсіздігіне әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 134(4), 81–91. https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.07

Шығарылым

Бөлім

Валюта бағамының, ТШИ және пандемияның экономикалық дамуға әсері