Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына шетелдік тікелей инвестициялардың әсерін талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.06
        154 177

Аннотация

Авторлар мақалада тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тікелей шетелдік
инвестициялардың Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға әсерін қарастырды, себебі шетелдік
инвесторларды тарту мұнай-газ кен орындарын қалпына келтіруге және әлеуметтік инфрақұрылымды
жақсартуға оң ықпал етеді. Мұнай және газ саласының одан әрі дамуын айқындау үшін тиісті нормативтік
актілер мен инвестициялық саясат жобасын дайындау өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу пәні қазіргі
әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайы мен шаруашылықтың тоқтауына байланысты өзінің пәнін
жоғалтқан жоқ, керісінше, тек біздің ғана мемлекетте емес, бүкіл дүние жүзіндегі мұнай саласының даму
мәселесі өзінің теориялық тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Салдарынан аталған саладағы тікелей
шетелдік инвестициялардың бағыты мен көлемі мәселелері зерттеуді талап етеді.
Қазіргі жағдайда мұнай саласының одан әрі дамуын талдайтын және болжайтын ғылыми басылымдар
өте қажет және сұранысқа ие. Өнеркәсіптің дамуы, өз кезегінде, бүкіл әлемдік экономиканың жандануына
(әлемдік экономикалық цикл сатысы ретінде) және COVID-19 пандемия жағдайында әлемдік экономиканың
карантиннен шығу жолына байланысты болады. Мұнайдың әлемдік бағасы осыған байланысты, демек,
талданатын ғылыми мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу көрсеткендей, тікелей шетелдік инвестициялар геологиялық барлау жұмыстарына, мұнай-
газ кен орындарын жақсартуға, Қазақстандағы инфрақұрылым құрылысына жағымды әсер етіп, мұнай
мен газды шет елдерге экспорттау мәселесін шешті. Алайда, Қазақстанның мұнай-газ саласында ұлттық
және шетелдік инвесторлардың құқықтық жағдайы тең емес болатын, нәтижесінде шетелдік инвесторлар
үшін жасалған қолайлы құқықтық позиция тоқтатылды. Сондай-ақ, экспорттан түскен 62%-дан астам кіріс
мұнай және газ конденсатынан құралды. Шетелдік инвесторлардың инвестицияларын алып кетуі, Қазақстан
экономикасының тұрақтылығына қауіп төндіреді.
Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік инвестициялық саясатты дайындау кезінде ескерген жөн.

Жүктелулер

Как цитировать

Otarbayeva, A., & Arupov, A. (2020). Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына шетелдік тікелей инвестициялардың әсерін талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 134(4), 66–80. https://doi.org/10.26577/be.2020.v134.i4.06

Шығарылым

Бөлім

Валюта бағамының, ТШИ және пандемияның экономикалық дамуға әсері