Нигериядағы жаһандану, мұнайдан түсетін кірістер мен денсаулық сақтау шығындарын эмпирикалық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.10
        104 90

Аннотация

Бұл зерттеу жаһандану мен мұнайдан түсетін кірістердің Нигериядағы денсаулық сақтау
шығындарына әсерін зерттейді. Зерттеу барысында 1980 жылдан 2018 жылға дейінгі жылдық
мәліметтер қолданылды. Айнымалылардың стационарлық деңгейін тексеру үшін бірлік түбірлік
тест, ал модельді бағалау үшін қателерді түзетудің шектеусіз моделі (UECM) және динамикалық
қарапайым кіші квадраттар әдісі (DOLS) қолданылды. Тәуелді айнымалы ретінде денсаулық
сақтау шығындары болды, ал түсіндіруші айнымалылар – жаһандану, мұнайдан түсетін кірістер,
денсаулық сақтау бағалары, жан басына шаққандағы табыс, өмір сүру ұзақтығы, өлім, урбанизация
және сыбайлас жемқорлық. Нәтиже мұнайдан түсетін кірістер Нигериядағы денсаулық сақтау
шығындарына ұзақ мерзімді және оң әсер еткендігін көрсетті. Алайда жаһандану ұзақ мерзімді
кезеңде кері және маңызды әсерін тигізді, ал қысқа мерзімде маңызды емес. Бұдан шығатын
қорытынды – мұнайдан түсетін кірістер де, жаһандану да Нигериядағы денсаулық сақтау
шығындарына әсер ететін өте маңызды айнымалылар болып табылады. Үкіметке Нигериядағы
медициналық қызметтерге қол жетімділікті жақсарту үшін денсаулық сақтау саласына мұнайдан
түсетін түсімді ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар, үкімет экспортты ұлғайту және импортты
азайту арқылы елдің жаһанданудан қалай пайда көретіндігімен жұмыс жасауы керек.

Жүктелулер

Как цитировать

Akintunde, T., & Adagunodo, M. (2020). Нигериядағы жаһандану, мұнайдан түсетін кірістер мен денсаулық сақтау шығындарын эмпирикалық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 133(3), 120–129. https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.10

Шығарылым

Бөлім

Экономикалық және қаржылық шешімдердің шетелдік тәжірибесі