Салықтар аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.09Аннотация
Мақалада салықтар мен салық жүйесінің мемлекеттің және оның аймақтық бірліктерінің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орны, маңызы және функционалдық рөлі
анықталған; салық саласындағы қауіп-қатерлердің пайда болуының және экономикалық
қауіпсіздікке әсер етуінің факторлары көрсетілген. Аймақтың экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында оның барлық элементтері мен механизмдерінің функционалдық
қатынасында тиімді салық саясатын қалыптастыру мен табысты жүзеге асырудың маңыздылығы
көрсетілген. Салық органдарының тиімді бақылау және тексеру қызметі Ресей Федерациясының
бюджет жүйесінің салықтық түсімдерінің оң динамикасын сақтауға мүмкіндік беретіндігі
атап өтіледі, бұл Ресей Федерациясының субъектілері мен тұтастай алғанда мемлекеттің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ресей Федерациясы
мен бір аймақтың салықтық түсімдеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, абсолютті және
салыстырмалы көрсеткіштер тұрғысынан әр түрлі деңгейдегі салық органдарының бақылау-
тексеру қызметінің тиімділігі бағаланды. Авторлар Ресейдегі салық жинау деңгейіне айтарлықтай
әсер ететін факторларды анықтады, аймақтағы салықтық түсімдердің өсу бағыттары мен
шарттарын көрсетті. Сонымен қатар, аймақтың шоғырландырылған бюджетіне салық берешегін
азайту тетіктері ұсынылған және дәлелденген, сондай-ақ аумақтың экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Орел облысы салық органдарының бақылау-тексеру қызметінің
тиімділігін арттырудың ең перспективалық бағыттары туралы авторлық көзқарас бар.