Әлеуметтік зерттеулердің ұлттық цифрлық инфрақұрылымын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі

Авторлар

  • Z. Satpayeva Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты
  • A. Kireyeva Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.07
        92 93

Аннотация

Мақала әлеуметтік зерттеулердің ұлттық цифрлық инфрақұрылымын қалыптастырудың
шетелдік тәжірибесін зерттеуге арналған. Зерттеу объектісі – Ұлыбритания және Еуропалық
Одақ елдерінің әлеуметтік зерттеулерінің цифрлық инфрақұрылымы, зерттеу пәні – оның
қалыптасуы мен қызмет істеуі барысында қалыптасатын ұйымдық-экономикалық қатынастар
болып табылады. Зерттеу жүйелі-құрылымдық және функционалдық тәсіл негізінде жүргізілді,
оның ішінде жүйелеу, жинақтау және индукция әдістері қолданылды. Зерттеудің ақпараттық
базасына Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ елдерінің цифрлық зерттеу инфрақұрылымын
қалыптастыру және дамыту бойынша жол карталары кірді. Зерттеу барысында цифрландыру
жағдайында әлеуметтік ғылымның даму тенденциялары анықталды, гуманитарлық және
әлеуметтік ғылымдар саласындағы сандық зерттеу инфрақұрылымдарының әртүрлілігі
көрсетілді, ел және аймақ деңгейінде әлеуметтік зерттеулердің сандық инфрақұрылымдарына
талдау жүргізілді, әлеуметтік зерттеулердің ұлттық цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыруға
және дамытуға әсер ететін факторлар анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді
Қазақстанның әлеуметтік зерттеулерінің цифрлық инфрақұрылымының ұлттық моделін дамыту
үшін басым бағыттарды анықтау үшін пайдалануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Satpayeva, Z., & Kireyeva, A. (2020). Әлеуметтік зерттеулердің ұлттық цифрлық инфрақұрылымын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 133(3), 74–90. https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Экономикалық және қаржылық шешімдердің шетелдік тәжірибесі