Құрылыстағы корпоративтік табыс салығы бойынша салық базасын қалыптастыру ерекшелігі

Авторлар

  • A. Okanova Нархоз Университеті
  • G. Kaipova Нархоз Университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.03
        73 154

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде салық базасын
анықтау процесінің әдіснамасын зерделеуді көрсетеді («ХХХ» ЖШС құрылыс компаниясының
мысалында қалыптастырылған). Табыс салығы мен аванстық төлемдерді есептеу кезінде негізгі
проблемаларды анықтап табу.
Түпнұсқалық/құндылық – салық салу процесінің негізгі аспектілері атап белгіленді. Табыс
салығын анықтау процесін көрнекі көрсету үшін зерттеу базасы ретінде құрылыс компаниясының
қаржылық және салық есептілігі бойынша деректер жүйелендіріліп, талдау жүргізілді. Пайда
салығын анықтау және аванстық төлемдерді есептеу мысалы негіз ретінде келтірілген. Салықтық
есеп бойынша, оның ішінде құрылыс компаниялары үшін ұсынымдар әзірленді, осы салаға салық
салудың ерекше аспектілері белгіленді.
Қорытындылар – салықтық есепке алу әдіснамасын жетілдіру қажеттілігі анықталды және
зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін ұсыныстар әзірленді. Мақаланың практикалық маңыздылығы
бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметке салықтық базаны анықтауда және корпоративті
табыс салығы тұрғысынан салықтық есеп саясатын құруда негізгі сәттерді ескеруге мүмкіндік
береді. Құрылыстағы салықтық есепке алудың ерекшеліктері қазақстандық компаниялар үшін
корпоративтік табыс салығы бойынша салық базасын айқындаудың ерекшелігін ашуға мүмкіндік
береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Okanova, A., & Kaipova, G. (2020). Құрылыстағы корпоративтік табыс салығы бойынша салық базасын қалыптастыру ерекшелігі. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 133(3), 27–37. https://doi.org/10.26577/be.2020.v133.i3.03

Шығарылым

Бөлім

Экономика салаларының факторлық талдауы