АЙМАҚТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН АДАМИ РЕСУРСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҰСЫНЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/be-2019-3-e8Аннотация
Мақалада мемлекетаралық, аймақтық деңгейде және ғылыми зерттеулерде «адам ресурстары» ұғымының әртүрлі түсіндірмесі анықталды. Бірыңғай тәсілдің болмауы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламаларын қолдануды қиындатады және олардың тиімділігін төмендетеді. Адам ресурстары өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Олар өңірді дамытудың басым бағыттарын іске асыру құралы ретінде әрекет етеді. Мұндай іске асырудың тиімділігі көбінесе халық біліктілігінің өңір экономикасының ерекшелігіне қойылатын талаптарға сәйкестігіне байланысты. Әлеуметтік-экономикалық саясат элементтерінің өзара байланысын ескере отырып, адами ресурстардың дамуына денсаулық сақтау мен білім беруді қоса алғанда, экономиканың түрлі салалары әсер ететінін атап өтуге болады. Мақалада авторлар аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда адам ресурстар саласында сараптамалық бағалауды жүргізген. Білім сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды бағалау кезінде біз ең оңтайлы нұсқаны таңдаудың көп өлшемді мәселесін қолданамыз. Сауалнаманың көмегімен білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша ең қолайлы шешімдер таңдалды. Осылайша авторлар, сараптамалық бағалау әдістері, атап айтқанда, Дельфи әдісі адами ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың оңтайлы арақатынасына қол жеткізу есебінен өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды болжауда таптырмас құрал ретінде анықтайды.