Азық-түлік қауіпсіздігінің әл-ауқатқа әсері: мемлекеттік қолдау және төзімділіктің рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be201105426

Аңдатпа

Азық-түлікке тұрақты қолжетімділіктің болуы табысы төмен отбасылардың әл-ауқатына әсер ететіні анық. Осыған орайазық-түлік қауіпсіздігі және әл-ауқат арасындағы байланысты айқындайтын жеке дара және институционалдық тетіктерді зерттеу өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігінің әл-ауқатқа әсерін бағалау, осы байланыстағы төзімділіктің медиаторлық және мемлекеттік қолдаудың модераторлық рөлін анықтау. Эмпирикалық деректер құрылымдалған сауалнама арқылы жиналып, 370 мәліметтің талдауға 322 жарамды жауаптары енгізілді.

Зерттеу нәтижелері азық-түлік қауіпсіздігі, мемлекеттік қолдау, төзімділік және әл-ауқат арасында статистикалық мәнді оң байланыстың бар екенін көрсетті. Төзімділік екі байланыстың арасында медиатор рөлін атқарады. Мемлекеттік қолдау азық-түлік қауіпсіздігі мен төзімділік арасындағы оң байланысты күшейтетіні анықталды. Сонымен бірге азық-түлік қауіпсіздігінің төзімділік арқылы әл-ауқатпен жанама байланысы мемлекеттік қолдау деңгейіне тәуелді екені байқалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы сапалы мемлекеттік басқару тұжырымдамасы мен төзімділік теориясын біріктіріп, аталған байланыстарды табысы төмен отбасылар контексінде бірыңғай модель арқылы бағалауында. Зерттеу қорытындылары әлеуметтік саясатта азық-түлікке қолжетімділікті кеңейту шараларын отбасылардың бейімделу әлеуетін нығайтумен және нысаналы мемлекеттік қолдаумен ұштастыру қажеттігін көрсетеді.

Түйін сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, әл-ауқат, төзімділік, мемлекеттік қолдау, табысы төмен отбасылар, модерацияланған медиация.

Автор өмірбаяндары

  • Ш.Ә. Нұрғазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің ассистент-профессоры. (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: nurgazy.sh@kaznu.kz).

  • А.Б. Батыр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: batyr.aiman@gmail.com).

  • С.Ж. Асыл-Кеней, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: symbatassylkeney@gmail.com).

  • Б.А. Антонов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: antonovbaurzhan@gmail.com).

Жарияланды

2026-11-19