Экономиканың цифрлық трансформациясы және Қазақстандағы жастар жұмыссыздығының өңірлік факторлары
DOI:
10.26577/be156220261Аңдатпа
Экономиканың жеделдетілген цифрлық трансформациясы жағдайында жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасы өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі сын-қатерлердің біріне айналуда. Цифрлық технологиялардың таралуы, онлайн - жұмыспен қамту платформаларының дамуы және кәсіби құзыреттерге сұраныс құрылымындағы өзгерістер жұмыссыздық деңгейіндегі өңіраралық айырмашылықтарды күшейте отырып, жастардың еңбек нарығына интеграциялануы үшін жаңа жағдайлар жасайды.
Зерттеудің мақсаты экономиканы цифрландыру жағдайында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін өңірлік әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау және сандық бағалау, сондай-ақ өңірлік ерекшелікті ескере отырып, оны төмендету бағыттарын негіздеу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі экономикалық және статистикалық талдау әдістері болды. Эмпирикалық база Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) ресми деректері болды. Жұмыста еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасын талдау, салыстырмалы аймақтық талдау, корреляциялық талдау және панельдік деректерге негізделген эконометрикалық модельдеу қолданылады. Зерттеу нәтижелері жастардың экономикалық белсенділік деңгейі, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық қызметтердің қолжетімділігі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне статистикалық маңызды әсер ететінін көрсетті. Цифрлық ортасы анағұрлым дамыған өңірлер жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталатыны анықталды.
Алынған нәтижелер цифрландырудың өңірлік еңбек нарықтарының трансформациясына әсері туралы ғылыми түсінікті кеңейтеді және мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу, өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдіру және жастардың цифрлық құзыреттерін дамыту кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер: экономиканың цифрлық трансформациясы, жастар арасындағы жұмыссыздық, аймақтық даму, еңбек нарығы, жастарды жұмыспен қамту.









