Кәсіпорындарды стратегиялық басқару жүйесіндегі қаржылық контроллингтің рөлі
Кілт сөздер:
"басқару, бизнес, контроллинг, жоспарлау, болжам, инвестиция, стратегия, тиімділік, қаржылық бақылау, нарық. " управление, планирование, прогноз, эффективность, финансовый контрол линг, рынок.Аңдатпа
Бұл мақалада ұйымның ұзақ мерзімді қызмет етуін қамтамасыз етуде кепіл болып саналатын қаржылық контроллингті ұйымдастырудың қажеттілігі қарастырылған. Сонымен бірге кәсіпорында қаржылық контроллингті ұйымдастырудың моделі мен оның негізгі жүзеге асырылу сатылары ұсынылған. Кәсіпорындағы қаржылық контроллингтің негізгі орындалатын міндеттері мен қызметтері көрсетілген. Отандық компанияларда контроллингті қалыптастырудың себептері мен қажеттілігі айқындалған. Сонымен бірге авторлар, кәсіпорында контроллингті ұйымдастыру арқылы ішкі қаржылық бақылаудың сапасын жоғарылатып, кәсіпорынның тәуекелділіктерін анықтап, оларға дер кезінде шаралар қолданудың мүмкін екенін дәлелдеп отыр. Кәсіпорында контроллинг жүйесін тиімді және оңтайлы ұйымдастыру мен оның қызмет етуі үшін қаржылық және басқарушылық есеп саясатын дұрыс таңдаудың қажеттілігі көрсетілді. Сонымен бірге қаржылық контроллингтің түрлеріне қарай олардың атқаратын функциялары ашылып көрсетілді. Сондайақ авторлар кәсіпорынды стратегиялық және жедел уақыт аралығында дамыту үшін контроллинг тиімді резервтерді анықтап, қызмет барысында қалыптасатын кемшіліктер мен қарамақайшылықтардың алдын алуға жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр.Жүктеулер
Жарияланды
2016-12-22
Журналдың саны
Бөлім
Without section
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кәсіпорындарды стратегиялық басқару жүйесіндегі қаржылық контроллингтің рөлі. (2016). Journal of Economic Research & Business Administration, 117(5), 150-156. https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/1526
