Қазақстан өңірлеріндегі қонақүй бизнесінің құрылымдық теңгерімділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be157320265

Аңдатпа

Қазақстандағы қонақүй бизнесінің дамуы өңірлер арасындағы елеулі сараланумен және инфрақұрылымдық әлеует, сұраныс, экономикалық нәтижелілік, қызмет көрсету сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану арасындағы арақатынастың әркелкілігімен сипатталады. Осыған байланысты дамудың жоғары жиынтық деңгейі оның құрылымдық компоненттерінің ішкі үйлесімділігін әрдайым көрсете бермейді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан өңірлеріндегі қонақүй бизнесінің даму деңгейі мен құрылымдық теңгерімділігін кешенді бағалау және осының негізінде сараланған өңірлік саясат бағыттарын айқындау.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның 17 үйлестірілген аумақтық бірлігіндегі қонақүй секторы қарастырылды. Зерттеудің ақпараттық базасын 2019-2024 жылдардағы ресми статистикалық деректер құрады. Зерттеуде нормалау, интегралдық бағалау, құрылымдық салыстыру және матрицалық типология әдістері қолданылды. 2024 жылғы қонақүй бизнесінің интегралдық даму деңгейі бес мазмұндық блокқа біріктірілген 16 көрсеткіш негізінде есептелді. Ішкі үйлесімділікті бағалау үшін бес жекелеген интегралдық бағалаудың размағын бірліктен шегеру арқылы анықталатын құрылымдық теңгерімділік коэффициенті ұсынылды.

Зерттеу нәтижелері Алматы мен Астананың қонақүй бизнесінің жалпы даму деңгейі бойынша жетекші орындарын сақтап отырғанын көрсетті, ал неғұрлым теңгерімді құрылым Маңғыстау облысы мен Астанаға тән. Құрылымдық алшақтықтың ең жоғары деңгейі Атырау облысында анықталды: мұнда сапаның прокси-көрсеткіші мен тіркелген еңбек ресурстарын пайдалану қарқындылығы арасында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Даму деңгейі мен құрылымдық теңгерімділікті бірлесіп бағалау негізінде өңірлердің төрт типологиялық тобы бөлінді. 2022 - 2024 жылдары 17 аумақтың 16-сында интегралдық динамикалық бағалау жақсарғанымен, оң өзгерістердің қарқыны айтарлықтай ерекшеленді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қонақүй бизнесінің өңірлік дамуының екі сипаттамасын – оның ауқымы мен ішкі құрылымдық үйлесімділігін – ажыратудан тұрады. Практикалық маңыздылығы анықталған типке байланысты өңірлік саясат шараларын саралау мүмкіндігімен айқындалады: құрылымдық тар орындарды жою, сұранысты ынталандыру, қолданыстағы инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыру немесе қонақүй нарығын дамыту үшін базалық жағдайлар қалыптастыру.  

Түйін сөздер: қонақ үй бизнесі, өңірлік даму, құрылымдық теңгерімділік, қонақжайлылық индустриясы, Қазақстан.

Автор өмірбаяндары

  • А. Рахметулина, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен, Қазақстан

    PhD докторы, Қазақ-Америка еркін университетінің бизнес кафедрасының оқытушысы (Өскемен, Қазақстан, e-mail: rakhmetulina@gmail.com).

  • Ж. Рахметулина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Экономика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан, e-mail: rahmetulina_zh@mail.ru). 

  • А. Омурзаков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика бағдарламасы бойынша PhD докторанты (Астана, Қазақстан, e-mail: omurzakov.azamat@gmail.com).

  • Т. Абылайханова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан

    PhD докторы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Өскемен, Қазақстан, e-mail: tablaihanova@mail.ru).

Жарияланды

2026-09-12