Қазақстан Республикасында аудитті дамыту: цифрлық экономика жағдайындағы үрдістер, проблемалар және перспективалар
DOI:
https://doi.org/10.26577/be201106426Аңдатпа
Мақалада аудиттің генезисін Тарихи ретроспективада зерттеу негізінде аудиторлық қызметтің ерекшеліктері анықталды және жүйеленді. Қазақстан Республикасындағы аудитті қалыптастырудың себептері мен алғышарттары зерттелді.
Жұмыста ұлттық аудиттің даму кезеңдеріне талдау жасалды, нарықтық экономикаға көшу жағдайында қазақстандық аудитті қалыптастыру ерекшеліктері негізделді. Аудиторлық қызметтерді пайдаланушылардың сенім дағдарысының себептері анықталды. Қазақстандағы аудиторлық қызметтер нарығының қазіргі жай-күйіне баға берілді және республикада кәсіпкерлікті қалыптастыруда аудиттің ерекше рөлі көрсетілді.
Авторлар аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылау нысаны ретінде қалыптасуының гносеологиялық алғышарттарын бөліп көрсеткен және ретроспективалық талдау негізінде аудиттің даму модельдерін айқындаған. Аудиттің даму кезеңдері қарастырылып, олар жіктелген. Ұлттық және халықаралық аудиттің даму кезеңдерінің сәйкессіздігі көрсетіліп, бұл жағдай қазақстандық аудиттің идеологиясы мен әдіснамасына әсер еткені дәлелденген.
Мақалада дамудың жаңа дағдарысқа бағытталған кезеңіне көшу қажеттілігі негізделген. Аудиттің рөлі мүдделі пайдаланушылардың мүдделерін қорғауға кепілдік беретін әлеуметтік маңызды қызмет ретінде көрсетілген. Мемлекеттің қаржылық және салықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құрал ретінде аудиттің ерекше рөлі атап өтілді.
Гносеологиялық тәсіл арқылы қазақстандық аудиттің дамуына шетелдік ғылыми мектептердің ықпалы көрсетілген. Аудиторлық қызметтердің жаңа түрлері жүйеленіп, айқындалған. Қазақстан Республикасында аудитті жасанды интеллектті пайдалану арқылы одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар берілген.
Зерттеу гносеология, диалектика, жүйелік тәсіл, тарихи кезеңдеу, талдау және жүйелеудің теориялық қағидаларына негізделген. Зерттеу жан-жақтылық және кешенділік қағидаттарына сәйкес жүргізілген. Талдау негізінде аудиторлық қызметтің даму заңдылықтары анықталған. Жұмыста аудиторлық қызметтің эволюциясы көрсетіліп, республикадағы аудиттің пайда болуы мен дамуының динамикасы қарастырылған. Логикалық негіздерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының аудитінің түзетілген моделі ұсынылған.
Түйінді сөздер: Аудит, талдау, реттеу, ХАА, даму, аудиторлық қызметтің кәсіби кеңесі, жасанды интеллект.









