Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту саясаты: халықаралық тәжірибе және жетілдіру бағыттары

Авторлар

  • З.Т. Мышбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2407-6790
  • Т.С. Сокира Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4825-1189

DOI:

https://doi.org/10.26577/be201107426

Аңдатпа

Мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ азаматтар арасындағы жұмыспен қамту деңгейіндегі алшақтықты азайтуға тырысатын мемлекеттердің үкіметтері саяси шешімдерді әзірлейді, сондай-ақ жаңа тәсілдерді, тетіктер мен құралдарды іздейді және қолданады. Бұл зерттеу сандық және сапалық талдау әдістерін, салыстырмалы талдауды, сондай-ақ жалпылау және жүйелеу әдістерін кешенді қолдануға негізделген.

Мақалада Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтудың қолданыстағы жүйесі талданған, сондай-ақ салыстырмалы талдау негізінде Америка Құрама Штаттарында, Германияда, Жапонияда, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының модельдерін зерттеу нәтижелері баяндалған, реттеудің институционалдық тетіктеріне баса назар аударылған. Зерттеу нәтижелері механизмдердің институционалдық кірістіру дәрежесінде, бақылаудың тиімділігінде, санкциялардың экономикалық негізділегінде және ұқсас құралдарды пайдалану кезінде қолдау көрсетілетін жұмыспен қамту модельдерінің дамуында айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетеді. Бұл тұжырымдар мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту саясатының тиімділігі мемлекеттік реттеудің нақты құралдарын таңдаумен ғана емес, сонымен бірге олар жүзеге асырылатын институционалдық ортамен де анықталатынын көрсетеді. Анықталған нәтижелер негізінде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту саясатын жетілдіру бағыттары әзірленді және ұсынылды. Ұсынылған шараларды іске асыру мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, мемлекеттік және жеке секторлардың әлеуметтік-экономикалық интеграция процестеріне тартылуын күшейтуге және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенцияның ережелерін орындауға ықпал етуі мүмкін.

Түйін сөздер: жұмыспен қамту, мүгедектігі бар адамдар, әлемдік тәжірибе, салыстырмалы талдау, саясатты жетілдіру.

Автор өмірбаяндары

  • З.Т. Мышбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ  Менеджмент кафедрасының ғылыми қызметкері. (Алматы., Қазақстан, e-mail: zemfira.myshbayeva@mail.ru).

  • Т.С. Сокира, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    э.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Менеджмент кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан, e-mail: t_sokira@mail.ru).

Жарияланды

2026-11-20