Логистикадағы цифрландыру: Қазақстан Республикасындағы тәуекелдерді әртараптандыру мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/be1573202610Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесіне әсер ететін логистикалық тәуекелдерді әртараптандыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі геосаяси тұрақсыздық, санкциялық шектеулер, инфрақұрылымдық тозу, валюта бағамының ауытқуы, инфляциялық қысым, тарифтердің өсуі, киберқауіптер мен кадр тапшылығы жағдайында ұлттық логистикалық жүйенің тұрақтылығын күшейту қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы логистикалық тәуекелдердің негізгі түрлерін анықтау және оларды төмендетуде цифрландыру мен инновациялық тәсілдердің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу барысында статистикалық, салыстырмалы және сараптамалық талдау әдістері қолданылды. Эмпирикалық база ретінде 2021–2024 жылдардағы ресми статистикалық деректер, салалық есептер, инфляция, валюта бағамы, көлік тарифтері және теміржол, қалалық автобус, әуе көлігі салалары бойынша нақты көрсеткіштер пайдаланылды.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның логистикалық жүйесіне әсер ететін негізгі тәуекелдер жүйеленіп, геосаяси, экономикалық, инфрақұрылымдық және цифрлық факторлардың өзара байланысы айқындалды. Мақаланың ғылыми үлесі логистикалық тәуекелдерді ұлттық көлік жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін кешенді факторлар жүйесі ретінде қарастыруында. Практикалық маңызы цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, баламалы маршруттарды дамыту және киберқауіпсіздікті күшейтуге бағытталған ұсыныстармен анықталады.
Түйін сөздер: логистика, тәуекелдер, көлік, инфрақұрылым, экономика, цифрландыру, киберқауіпсіздік, инвестициялар, транзит.









