Қазақстан Республикасында әлеуметтік брендингтің дамуын талдау. Анализ развития социального брендинга в Республике Казахстан.

Авторлар

  • J. Kozhamkulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Sagimbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

бренд, брендинг, әлеуметтік бренд, әлеуметтік брендинг, мұражай брендингі. бренд, социально­ориентированный бренд, социально­ориентированный брендинг, музейный брендинг.

Аңдатпа

Әлеуметтік брендинг үрдісінің мәнін, әлеуметтік брендті қалыптастыру мен дамытудың тиімді технологияларын білу әлеуметтік сферадағы компаниялар үшін ғана емес, сонымен қатар әлеумет­тік жауапкершіліктің маңызын түсінетін және әлеуметтік бағдарла­ маларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын экономикалық сферадағы компаниялар үшін де өзекті болып келеді. Әлеуметтік брендингтің жаппай тұтыну тауарлары мен қызметтері брендингіне қолданылатын маркетингтік стратегия негізінде әлеуметтік бренд құруға мүмкіндік бермейтін өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты бұл мақалада әлеуметтік бағытталған брендингтің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасының әлеуметтік сферасында брендтің дамуы қарастырылған. Мақалада Қазақстанның мұражай қызметінің талдауы көрсетілген және Алматы қаласында мұражайлар брендінің даму мәселелері анықталды. Нәтижесінде анықталған мә­ селелерді шешу жолдары ұсынылған. Және де мақалада мұражайдың әлеуметтік брендін құру қағидалары мен әдістерін тәжірибеде қолдану мен зерттеу бойынша шетел тәжірибелері қарастырылған және Алматы қаласындағы Орталық Мемлкеттік мұражайдың әлеуметтік брендін құру үшін ұсыныстар жасалған. Знание сущности процесса социального брендинга, эффективных технологий его создания и развития актуально не только для каждой организации социальной сферы, но и для организаций, работающих в сфере экономики, но при этом осознающих важность социальной ответственности и активно участвующих в реализации социальных программ. У социального брендинга есть своя специфика, которая не позволяет строить социокультурные бренды на основе маркетинговых стратегий, распространенных в брендинге товаров и услуг массового потребления. В связи с этим в настоящей статье раскрываются особен­ности социально­ориентированного брендинга Республике Казахстан. В статье предоставлен анализ музейной деятельности Казахстана и выявлены проблемы развития брендинга в данной сфере, в результате чего были предложены пути их решения. А также в статье рассматриваются опыт зарубежных стран по изучению и использованию на практике принципов и методов создания социального бренда музея, даны рекомендации для создания социального бренда Центрального Государственного музея города Алматы.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-11

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстан Республикасында әлеуметтік брендингтің дамуын талдау. Анализ развития социального брендинга в Республике Казахстан. (2016). Journal of Economic Research & Business Administration, 110(4). https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/1001