Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы тәуекелді басқару жүйесінің дамуы және шетел тәжірибесін қолдану тиімділігі. Развитие системы управления рисками в предприятиях Республики Казахстан и эффективность использования зарубежного опыта

  • Zh. R. Narymbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Тәуекелдікті басқару кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі болып табылады және стратегиялық мақсаттарын табысты жүзеге асыру үшін шешуші маңызы бар. Тәуекел-менеджмент жүйесі компанияның өз қызмет кезіндегі кездесетін барлық қиындықтарды анықтау мен оларды бағалаудан басталады. Соның нәтижесінде альтернативтік, яғни басқа, тәуекелділігі төмен және табысы жоғары жолдар қарастырылады. Шетелдерде кеңінен тараған тәуекелді басқару практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Шетел тәжірибесін қолдана отырып, қазақстандық кәсіпорындар да тәуекелді басқару саясатын өзіндік бөлімше ретінде құрып келеді. Бірақ мұндай кәсіпорындар әлі де болса көп емес. Бұл кәсіпорындарға негізінен ауқымды, ұлттық компаниялар, қаржы ұйымдары жатады. Мысалы, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ компанияларын және банктерді айтуға болады. Әрине, бұл жүйені енгізу көптеген тәуекелдерді алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген қазақстандық фирмалар үшін тәуекел-менеджмент саясатын қолдану өте маңызды.

В статье рассматриваются значение и роль внедрения системы управления рисками в компаниях Республики Казахстан. А также определена важность использования зарубежного опыта как ключ к минимизации рисков и успешной деятельности предприятия.

Литература

1. Жұмамбаев С.К. Өндірістік менеджмент: оқулық / ҚР білім және ғылым м-гі. – Алматы: Дәуір, 2011. – 266 б.

2. Смагулова Р.И. Тәуекелді басқару: оқу құралы. – Павлодар, 2008. – 105 б.

3. Абдрахманова Г. Тәуекел және анықталмағандық – талдауға деген кешенді тәсілдеме // Қазақстан қаржысы (21). – 2003.– № 5.

4. Альжанова Н.Ш., Мирзахалыкова Ж.Р. ҚР инновациялық даму жағдайындағы тәуекелдерді басқару құрылымының орнатылуы // Ғылыми басылым «Крымский экономический вестник» – Симферополь, 2 (03) сәуір 2013. – 14 б.

5. «Қазақтелеком» АҚ сайты: Компания туралы: Бизнес: Тәуекелді басқару: [режим доступа]: http://www.telecom.kz/ page/single/analiz

6. «ҚазТрансГаз» АҚ сайты: Жаңалықтар: «ҚазТрансГаз» АҚ бизнес-тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. – Астана қ. – 2013. – 12 ақпан: [режим доступа]: http://www.kaztransgas.kz/article/1239
Как цитировать
NARYMBETOVA, Zh. R.. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы тәуекелді басқару жүйесінің дамуы және шетел тәжірибесін қолдану тиімділігі. Развитие системы управления рисками в предприятиях Республики Казахстан и эффективность использования зарубежного опыта. Вестник КазНУ. Серия Экономическая, [S.l.], v. 99, n. 5, p. 122-125, apr. 2015. ISSN 2617-7161. Доступно на: <https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/520>. Дата доступа: 13 apr. 2021

Ключевые слова

тәуекел; басқару; жүйе; бағалау; тәуекел-менеджмент; кәсіпорын; риск; управление; предприятие; система; оценка;