Development of the theory and practice of the global e-commerce market

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.012
        157 162

Abstract

Электрондық коммерция сауданы дамытудың перспективті бағыты болып табылады, өйткені ол инновациялық цифрлық технологияларды пайдаланады, тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді, қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді және халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл зерттеудің мақсаты – оның даму кезеңдерін жүйелеу негізінде әлемдік және қазақстандық нарықтардағы электрондық коммерцияның даму перспективаларын анықтау. Бұл зерттеудің негізгі бағыттары қоғамды цифрландыру және ақпараттандыру жағдайында электронды коммерцияның теориясы мен тәжірибесін зерттеуді қамтиды. Зерттеудің идеясы қазіргі жағдайда әлемдік және қазақстандық экономиканы дамыту үшін электрондық коммерция нарығын одан әрі дамыту қажеттілігін негіздеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы дамыған елдердің тәжірибесін Қазақстан экономикасында пайдалану мақсатында әлемдік электрондық коммерция теориясы мен тәжірибесін зерттеуде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы елдердің экономикалық дамуы үшін электрондық коммерцияның маңызды бағыттары бойынша мәліметтерді жүйелеуде жатыр. Зерттеу ресми дереккөздердің, ғылыми басылымдардың, сондай-ақ халықаралық және мемлекеттік органдардың басылымдарының ақпараты негізінде жүргізілді. Зерттеу барысында талдау, синтездеу, жүйелеу және болжамдар әдістері қолданылды, олардың негізінде жеткізілім тізбегін басқару объектісі ретінде электрондық коммерцияның даму перспективалары туралы қорытындылар жасалды. Зерттеу нәтижелері қорытындылар мен ұсыныстарда көрсетілген. Зерттеудің құндылығы электрондық коммерцияның теориясы мен тәжірибесін жалпылау және оның даму хронологиясын жүйелеу болып табылады. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы автор жасаған хронологиялық кестелерді ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде және кәсіпорындардың практикалық қызметінде пайдалану мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: электронды коммерция, бөлшек сауда, цифрландыру, ақпараттандыру

Downloads

How to Cite

Tasbulatova U. А., & Baimukhanbetova E. Е. (2023). Development of the theory and practice of the global e-commerce market. Journal of Economic Research &Amp; Business Administration, 143(1), 148–161. https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.012