ШАҒЫН АГРАРЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОНЫҢ ДЕТЕРМИНАТТАРЫ

  • С. Кокеева
  • A. Адамбекова

Аннотация

Капитал құрылымы тақырыбы зерттеушілер арасында көптеген пікірталастар тудырады. Оңтайлы капитал құрылымы бизнес үшін басты шарттардың бірі. Басшылар қаржылық шешім қабылдау кезінде зерттеулерде ұсынылған әртүрлі және бір-біріне қайшы келетін факторларды ескеру керек. Шағын бизнес сегментіндегі компаниялар ерекшелігін ескерсек, оңтайлы капитал құрылымына жету қиын міндет. Өйткені барлығына бірдей қолдануға болатын оңтайлы капитал құрылымы моделі жоқ. Сол себепті капитал құрылымына әсер етуші факторларды білу маңызды шарт. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның ауыл шаруашылығымен айналысатын шағын бизнес субъектілерінің капитал құрылымын таңдауын түсіндіру үшін оның детерминанттарын тексеру. Фирма факторлары бойынша капитал құрылымының детерминаттары қарыз капиталының үш түрінде қарастырылды. Талдау панельдік әдіс бойынша ҚР Статистика агенттігінен 2015-2017 жылдар аралығындағы 50 шағын және орта компаниялардың қаржылық есептілігіндегі мәліметтер бойынша жасалды. Алынған нәтижелер қаржылық шешімдер иерархия теориясына және жекелеген жағдайларда агенттік теориясына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Эмпирикалық зерттеулерде қарастырылған факторлардың басым бөлігі Қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысатын шағын компанияларға статистикалық маңызды әсері мардымсыз. Шағын бизнес субъектілерінің үш түрлі қарыз мерзімінде де капитал құрылымына табыстылықтың және қысқа мерзімді қарыз коэффициентіне активтер құрылымы мен фирма көлемінің әсері маңызды екендігі анықталды.
Как цитировать
КОКЕЕВА, С.; АДАМБЕКОВА, A.. ШАҒЫН АГРАРЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОНЫҢ ДЕТЕРМИНАТТАРЫ. Вестник КазНУ. Серия Экономическая, [S.l.], v. 129, n. 3, p. 194-205, sep. 2019. ISSN 2617-7161. Доступно на: <https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/2138>. Дата доступа: 08 mar. 2021 doi: https://doi.org/10.26577/be-2019-3-e17.
Раздел
Актуальные аспекты современной экономики