Негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары. Факторы повышения эффективности основного капитала.

  • N. A. N. A. Kerimbekova Kabdeshova

Аннотация

Мақаланың басты мақсаты еліміздегі индустриалды- инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары болып табылады. Мақалада бүгiнгi таңда ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру, республиканың өнеркәсiп және ғылыми- техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай- ақ Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі құралдардың техникалық жағдайынүнемі көтеріп отыру, негізгі құралдарды үнемі жаңартып отыру саясатын ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Негізгі капиталды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру, модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе, машина жасау өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестиция жеткіліксіз. Кәсіпорынның техникалық базасының төмендігінен және инвестицияның тартымды болмауынан, соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белсенділігі бәсең болып келді. Инвестицияның басым бөлігі кен өнеркәсібіндегі мұнай- газ секторына бағытталған. Главная цель статьи – исследование факторов повышения эффективности основного капитала в ходе осуществления индустриально- инновационной политики в стране. В статье рассмотрены развитие отечественных наукоемких производств в настоящее время, разработка и освоение новых информационных технологий, ориентированных на получение конкурентоспособной продукции, обеспечение интересов национальной экономической безопасности за счет сохранения и развития потенциала промышленности и научной техники республики, а также регулярное повышение технического состояния основных средств на предприятиях, организация политики постоянного обновления основных средств организации в Казахстане. В настояще время актуальной проблемой является обновление основного капитала. Возникает необходимость инновационных и инвестиционных ресурсов для ускорения процессов замены во время, технического оснащения, модернизации, реконструкции. Отмечен рост потребности в новой технике на предприятиях, особенно недостаточно инвестиций для приобретения продукции машиностроительной промышленности. В последние годы активность инвестиций в секторе обрабатывающей промышленности занижена из-за низкой технической базы предприятия и из-за отсутствия привлекательности инвестиций. В горнодобывающей промышленности большая часть инвестиций направлена в нефтегазовый сектор.

Литература

1 Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
2 Әбдікаримова Г.И. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.
3 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.
4 Қазақстан Республикасының индустриалық- инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Как цитировать
KERIMBEKOVA KABDESHOVA, N. A. N. A.. Негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары. Факторы повышения эффективности основного капитала.. Вестник КазНУ. Серия Экономическая, [S.l.], v. 114, n. 2, nov. 2016. ISSN 2617-7161. Доступно на: <https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/1258>. Дата доступа: 03 mar. 2021

Ключевые слова

негізгі капитал; өнеркәсіп; өндіріс; ғылыми- техника; мемлекеттің индустриалды- инновациялық саясаты. основной капитал; промышленное производство; научная техника; индустриально- инновационная политика государства.